Қазақстан Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті
Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті. Сергей Малый рекорд жаңартып, Самат Смақовты басып озды.
Сурет: ҚФФ
Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасының 2026/27 маусымындағы кезекті матчта Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Кездесу Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтті. Есепті алғашқы болып қонақтар ашты: 22-минутта Петур Кнудсен Қазақстан қақпасын дәл көздеді.
Екінші таймда Фарер аралдары басымдығын арттырды. 63-минутта Геза Давид Тури есепті 2:0-ге жеткізді.
Алайда екі минуттан кейін қонақтар он ойыншымен қалды. Мартин Агнассон екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
Сан басымдығын пайдаланған Қазақстан құрамасы көп ұзамай есеп айырмасын қысқартты. 69-минутта Сергей Малый гол соқты.
76-минутта Нұралы Әліп Максим Самородовтың пасынан кейін есепті теңестірді – 2:2.
Матч соңына қарай Қазақстан құрамасы да он ойыншымен қалды. 85-минутта Сергей Малый тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осылайша Қазақстан құрамасы екі доп айырмасымен ұтылып жатып, матчты тең нәтижемен аяқтады.
Айта кетейік, Сергей Малый бұл кездесуде Қазақстан құрамасы сапындағы матч саны бойынша рекорд жаңартып, Самат Смақовты басып озды.
