Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • UFC: Асу Алмабаев төрешілер шешімімен қарсыласын жеңді

    UFC: Асу Алмабаев төрешілер шешімімен қарсыласын жеңді

    Фото: instagram.com/ufc

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3-0) Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында UFC турнирінде шаршы алаңға көтеріліп, қарсыласынан басым түсті.

    Жекпе-жек үш раундқа созылып, қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

    Айта кетерлігі, бұл Асу Алмабаевтың UFC турниріндегі алтыншы жекпе-жегі. Ол осыған дейін төрт айқасында жеңіске жетіп, соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан болатын.

    — Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Міне, қазақтың көк туын тағы желбіретіп жатырмын. Очо, көп рақмет, қысқа уақытта жекпе-жекті қабылдағаныңа. UFC-де оңай қарсылас жоқ. Отбасыма және командама көп рақмет, — деді спортшы айқастан кейін.

    Қазақстандық спортшы 2 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFCVegas 103 кешінің басты жепе-жегінде португалиялық файтер Манель Капеден (20-7-0) жеңілген.

    24 жастағы перулік Хосе Очоа (8-1-0) UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, соңғы жекпе-жегінде америкалық спортшы Коди Дарденді (17-8-1) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →