Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Әлемге әйгілі экс-футболшы қомақты қаржы жымқырды деп айыпталды

    Әлемге әйгілі экс-футболшы қомақты қаржы жымқырды деп айыпталды

    Фото: Спорт Экспресс

    Мансабында «Реал», «Барселона», «Интер» секілді мықты клубтарда доп тепкен футбол жұлдызы өз ұйымынан 600 мың доллар ұрлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Осылайша, аты аңызға айналған камерундық футболшы «қаржы жымқырды және ақшаны заңсыз жолмен айналымға енгізді» деп айыпталып отыр. Даудың басы 2023 жылдың 10 маусымында АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен Камерун мен Мексика арасындағы жолдастық кездесуінен басталған. Себебі, осы матчтан соң әлгі ақша ұлттық құраманың ойыншыларына сыйақы ретінде төленуі керек еді. Дегенмен, футболшылар уәде етілген қаржыны алмағанын айтады.

    Айта кетейік, Самуэль Это’О 2021 жылдан бері Камерун футбол федерациясын басқарады. Экс-футболшыға қарсы АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросына (FBI) және Әділет министрлігіне ресми шағым түсіріліп отыр.

    Шынын айту керек, соңғы уақыттары футбол жұлдызын даулы мәселелер жиі айналшықтап жүр. Мысалы, 2024 жылдың қыркүйегінде FIFA оған Камерунның ерлер және әйелдер құрамаларының ойындарына қатысуға тыйым салды, басты себеп – Это’О-ның тым дөрекілік танытуы.

    Мұнымен қоса 2022 жылы Катардағы әлем чемпионатында Самуэль Это’О бір жанкүйерге күш қолданып, оны әлемдік БАҚ-тар жарыса жазған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →