Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті •

    Головкин IBA логотипі бар қолғапқа қолтаңба қоюдан бас тартты (ВИДЕО)

    Головкин IBA логотипі бар қолғапқа қолтаңба қоюдан бас тартты (ВИДЕО)
    Фото: tofight.ru

    Астанада өткен бокстан Әлем кубогы кезінде Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері, Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкинмен байланысты қызықты жағдай орын алды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Бейнежазбада көрермендердің бірі GGG-ден қолғапқа қол қоюын сұрайды. Головкин қолғаптағы логотиптің қандай ұйымға тиесілі екенін нақтылайды. Жауап ретінде IBA екенін естіген соң, ол сыпайы, бірақ нақты түрде қолтаңба қоюдан бас тартады.

    Жанкүйер бұл қолғапты туысынан сыйға алғанын айтып түсіндірмек болды, алайда бұл жағдай World Boxing ұйымының өкілі саналатын атақты спортшының шешіміне әсер етпеді.

    Айта кетейік, IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) мен World Boxing арасында бұрыннан текетірес бар. Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-дан олимпиадалық жарыстарды өткізу құқығын алып, оны World Boxing ұйымына тапсырған болатын. Бұл ұйымның құрылуында Геннадий Головкин маңызды рөл атқарды.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Новости Караганды (@rec_krg)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →