Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    «46 жасымда білдім»: Танымал актер дертке шалдыққанын айтты (ВИДЕО)

    «46 жасымда білдім»: Танымал актер дертке шалдыққанын айтты (ВИДЕО)

    Белгілі актер Азиз Бейшенәлиев отандық журналист Тимур Балымбетовке берген сұқбатында өзінің дерті туралы айтты. Айтуынша, ол 46 жасында алғаш рет аутизм диагнозымен бетпе-бет келген. Оған қоса ұлының да дәл осындай диагнозы барын біліпті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

    «Маған да, ұлыма да бір уақытта бір диагноз қойылды: аутистикалық спектрдегі бұзылыстар. Бұл тұрғыда маған сәл жеңілдеу болды. Себебі өмірімнің біраз бөлігін өткердім. Көптеген адаммен қарым-қатынас жасай алдым. Психиатрияда бұл мимикриялық аутизм деп аталады. Яғни, адамда диагноз бар, бірақ сыртынан қарағанда ол білінбейді. Кәдімгі адамдар секілді көрінеді, бірақ іштей басқаша күй кешеді.

    Диагнозымды 46 жасымда білдім және сол кезде өткен өмірімді саралай отырып, көп нәрсені түсіндім. Кеңес үкіметі кезінде ондай дерттің диагностикасы жасалмаған. Яғни, мен оны білмегенмін. Осылайша мен үшін өмір сүру жеңілдей түсті. Актерлік мамандықты өзіме терапия ретінде бейсаналы түрде таңдаппын. Соны түсіндім. Ал балама сәл қиындау», — дейді актер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →