Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

    Алматыда өткен демалыс күнгі жәрмеңкелерге жарты миллион адам қатысты

    Алматыда өткен демалыс күнгі жәрмеңкелерге жарты миллион адам қатысты

     Жыл басынан бері Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелерге қаланың 550 000-нан астам тұрғыны мен қонақтары қатысты. Апта сайынғы уақытша сауда алаңдарында Алматы мен Алматы облысының 320-дан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері 1000-нан астам азық-түлік тауарларын ұсынады. Олардың ішінде көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, азық-түлік, жұмыртқа, шұжық, бал, нан-тоқаш өнімдері мен тәттілер бар. Өнімдер жәрмеңкеге делдалдарды айналып өтіп, тікелей фермерлер мен өңдеуші кәсіпорындардан әкелініп отырады, бұл қол жетімді бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді.

    Жәрмеңкелердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкелерді ұйымдастырушы — «Алматы» ӘКК» АҚ — жалға алушылар ұсынған бағаларды сақтау мақсатында сауда нүктелеріне тұрақты мониторинг жүргізеді.
    Демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін мегаполистің бес ауданында өтеді:

    • Алатау ауданы — «Мәдениет» ТҮК
    • Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында
    • Әуезов ауданы — Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы
    • Бостандық ауданы — Қазақфильм ықшам адуаны, Исиналиев көшесі
    • Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары, Бектұров көшесінің бұрышы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →