Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда

    Ақтөбе облысында 9 жасар бала мен оны құтқармақ болған 38 жастағы спортшы құдыққа құлап көз жұмды

    Ақтөбе облысында 9 жасар бала мен оны құтқармақ болған 38 жастағы спортшы құдыққа құлап көз жұмды

    Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарлы ауылында 9 жасар қыз бен 38 жастағы ер адам қоқыс қалдығы бар құдыққа құлап мерт болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    17 маусымда Байғанин ауданы Жарлы ауылында 9 жасар қыз қоқыс толтырылған, тереңдігі 10 метрдей ескі құдыққа құлап кеткен.

    38 жастағы спортшы Нұрбол Берліғалиев оны құтқармақ болған. Ол да төмен түскен, бірақ орнынан тұра алмаған.

    “Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам ес-түссіз халде құдықтан шығарылды. Аудандық төтенше жағдай, алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілді, алайда екеуі де мерт болды”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.

    Байғанин аудандық әкімдігінің мәлімдеуінше, бұл екі үйге ортақ ескі құдық. Аузын ағашпен жауып бастырып қойған.

    “2-3 бала тығылып ойнап жүрген кезде қыз құдыққа түсіп кеткен. Сол кезде көмекке көршісі Нұрбол Бердіғалиев келіп, құдыққа түсті. Бірақ құдық түбіндегі иістен уланып қалды. Екеуін де құтқарушылар шығарып алды”, – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →