Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Макрон Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын дереу тоқтатуға шақырды

    Макрон Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын дереу тоқтатуға шақырды

    Фото: REUTERS/Aurelien Morissard/Pool

    Франция Президенті Эммануэль Макрон Иранның ядролық және баллистикалық бағдарламаларына қатысы жоқ Израиль шабуылдарын дереу тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Анадолы. 

    Елисей сарайы жариялаған жазбаша мәлімдемеде, Макрон 18 маусымда Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын талқылау үшін Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесін шақырғаны айтылған.

    — Президент Иранның ядролық және баллистикалық бағдарламаларына қатысы жоқ нысандарына қарсы Израиль шабуылдарының үдеуі мен Иран мен Израильде бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар санының артуына алаңдаушылық білдірді. Бұл әскери әрекеттер өңірлік қауіпсіздікке үлкен қатер төндіреді және дереу тоқтатылуы тиіс, — делінген мәлімдемеде.

    Макрон Иранның ядролық және баллистикалық бағдарламалары мәселесін шешудің жалғыз жолы келіссөздер екенін атап өтті. Сондай-ақ Франция Президенті Иранның аймақтағы іс-әрекеттері бойынша диалог бастауға дайын екенін білдірді.

    Мәлімдемеде Макрон Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барроға алдағы күндері еуропалық серіктестермен бірлесе отырып, Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын тоқтатуға бағытталған келіссөздер бастамасын қолға алуды тапсырғаны жазылған.

    Сонымен қатар Макрон Барроға осы екі елден кеткісі келетін француз азаматтары үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды және француз азаматтарына аталған елдерге барудан бас тартуға қатаң кеңес берілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →