Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әкімдік кімді ақымақ қылмақ: Қарағанды тасжолында шұңқыр жамалмай, сызық сызылып кеткен «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады? Атышулы Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты Жамбылда экология департаменті халықтың арызына құлақ аспай отыр: Әкімдік неге үнсіз? Әкімдік кімді ақымақ қылмақ: Қарағанды тасжолында шұңқыр жамалмай, сызық сызылып кеткен «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады? Атышулы Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты Жамбылда экология департаменті халықтың арызына құлақ аспай отыр: Әкімдік неге үнсіз?

    Көкшетауда қызымен некесін қидырғанын тойламақ болған жігітті өлтіріп кеткен

    Көкшетауда қызымен некесін қидырғанын тойламақ болған жігітті өлтіріп кеткен

    Көкшетауда некесін қидырғанын тойлап жатқан жігітті өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq.today

    Ақмола облысы сотының мәліметінше қайғылы жағдай 2024 жылдың қарашасында болған. Жанжалдың соңы төбелеске ұласып, сотталушы жәбірленушіні үш рет пышақпен ұрған, оның бірі жүрекке тиген.

    «Қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде жәбірленуші некесінің қиылғанын достарымен бірге атап өткен. Сотталушы да сол ойын-сауық орнында достарымен бірге болған. Екі топ арасында жанжал шыққан», — деп жазылған соттың хабарламасында.

    Қылмыстық іс Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бұзақылық ниетпен адам өлтіру бабымен (Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы) қаралды. Айыпталушының  кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, кісі өлтіру фактісі жазылған мекеменің бақылау камераларындағы бейнежазбалармен және сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.

    «Жігіт алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды», — дейді сотта жәбірленуші тарап. 

    Сот үкімімен айыпталушыға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жәбірленуші тарапқа келтірілген 10 млн тенге моральдық залал өндірілді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →