Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді •

    Қарағанды облысында пойыз екі жасар баланы басып кеткен (ВИДЕО)

    Қарағанды облысында пойыз екі жасар баланы басып кеткен (ВИДЕО)

    Желіде Большая Михайловка бекетінде екі жасар баланы пойыз қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Жазбаға қатысты ҚТЖ өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Жазба Temirtau.today Instagram-аккаунтында жарияланды. Жазба авторларының жазуынша, пойыз кішкентай баланы қағып кеткен.

    «Жергілікті тұрғындар шошып қалған және теміржол бойында қалқан ретінде торлар қоюды талап етіп отыр. Адамдар балаларына ие бола алмай қаламыз деп қорқып отыр», — делінген жарияланымда.

    «2025 жылғы 1 маусымда сағат 11:47-де Қарағанды-Ақадыр участогының Қарағанөзек-Қарабас өткелінде жүк көлігінің машинисі теміржолға екі жасар баланың шығып кетуіне байланысты пойызды шұғыл тоқтатқан.

    Зардап шегушіні ата-анасы жарақаттармен Қарағанды балалар ауруханасына жеткізген.

    Оқиға туралы ақпарат Қарағанды-Сортировочная станциясының желілік полиция бөлімшесіне хабарланды», — делінген ҚТЖ хабарламасында.

    Көліктегі полиция департаментінің өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    «Қарағанды-Сортировочная желілік полиция бөлімшесі жол қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда іс бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деді ведомство баспасөз қызметі.

    Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сай жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →