Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

    Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады
    Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Астанада өткен Құрбан айт мерекесіне арналған баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады.

    – Қожа Ахмет Ясауи бабамыз: «Хаққа қызмет – халыққа қызмет» деген. Бұл – халықтың разылығы Алланың разылығына жеткізеді деген сөз. Осыған орай, шаруа қожалықтарының иелерін мал бағасын шарықтатпай, әділетті баға ұсынуға үндеймін. Еңбектің ақталуы маңызды, дегенмен «пайда ойлама, ар ойла» деген дана сөз бар. Алла Тағала Құранда: «Жасаған қайыр-садақаларың өздеріңе толық қайтарылады» деп уәде еткен («Бақара» сүресі, 272-аят), – деді Бас мүфти.

    Сондай-ақ, кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға да шақырды.

    – Құрбан айтта халыққа жақсылық жасап, көпшіліктің алғысын алайық. Бұл – сауапты әрі сағынышпен келетін мейрам, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

    Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Бұл күн Хижри күнтізбеге сәйкес белгіленіп, ҚМДБ өз шешімін халықаралық ғұламалармен және пәтуә шығару орталықтарымен кеңесе отырып қабылдаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →