Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анам қатерлік ісікпен ауырады: Бетпердедегі жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады (ВИДЕО) Оралда сегіз жастағы қыз септикке құлап, көз жұмды Ақтауда студенттерді алдап, миллион теңгеге дейін ақша алған ер адам сотталды Қазақстанда 14 тамызда ауа сапасының нашарлауы күтіледі Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 финалында Ига Швентектен жеңілді Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды Анам қатерлік ісікпен ауырады: Бетпердедегі жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады (ВИДЕО) Оралда сегіз жастағы қыз септикке құлап, көз жұмды Ақтауда студенттерді алдап, миллион теңгеге дейін ақша алған ер адам сотталды Қазақстанда 14 тамызда ауа сапасының нашарлауы күтіледі Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 финалында Ига Швентектен жеңілді Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды

    «Алакөлге 1 млн 100 мың теңге шығады екен»: Мақпал Жүнісова ішкі туризмнің қымбат екеніне ренжіді

    «Алакөлге 1 млн 100 мың теңге шығады екен»: Мақпал Жүнісова ішкі туризмнің қымбат екеніне ренжіді

    Қазақ эстрадасының падишасы Мақпал Жүнісова елге қарағанда шетелде демалатын қазақтарды қолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Желіде елде демалғаннан гөрі, шетелде демалған әлдеқайда арзанырақ екенін айтқан азаматтың видеосы тарады. Әнші елге қарағанда шетелде демалу тиімдірек екенін ашық қолдаған.

    «Алакөл екі ересек, бір баламен үш адамға — көлге қарайтын нөмір 60 мың теңге дейді. Егер тағы да бір кішкентай бала болатын болса, тағы да 10 мың теңге қосылады. Оның ішіне тамақ ештеңе кірмейді. Тамақ бөлек, бір адамға 12 мың теңгеден, кішкентай балаларға 8 мың теңгеден.

    Үш мезгіл тамақ. Біз төртеумізге есептедік, егер 10 күнге баратын болсақ, Алакөлге 1 млн 100 мың теңге шығады екен. Египетке 990 мың теңге кетеді екен 7 күнге. Бәрі қосылған, тамағы да бәрі дайын.

    Негізі бәрі бар екен, виски, сыра. Сосын трансфер бар, қонақүйден аэропортқа апартын. Ал Алакөлге демалуға баратын болсақ, онда ұшаққа бөлек, көлікке бөлек төлейміз, бензин құямыз.

    Сонда ойлаймын өзіміздің елде демалғаннан гөрі, Дубайда, Египетте демалған арзан болып тұр», — деді видеодағы азамат.

    Әнші осы видеоның астына өз пікірін қалдырған. Желі қолданушыларының да аталған видеоға қатысты пікірлері қақ бөлінген. Олардың бірі ел туризмін дамытуға қолдау көрсету туралы айтса, енді бірі шетелге демалған жөн екенін жазуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →