Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды

    «Үш сарбаз жіппен байлап, азаптаған»: Қызметте жүріп қайтыс болған әскеридің отбасы жантүршігерлік дерек айтты

    «Үш сарбаз жіппен байлап, азаптаған»: Қызметте жүріп қайтыс болған әскеридің отбасы жантүршігерлік дерек айтты

    Жетісу облысындағы 74261 әскери бөлімінде көз жұмған капитан Дархан Нұрланұлы туыстары қызмет орнында қаза тапқан әскеридің өлімін  қасақана жасалған іс деп отыр.

    Бұл туралы блогер Жан Ахмадиев видео жариялады.

    Қараша айының 13-і күні түнгі кезекшілікке кеткен Дархан шаңырағына табытпен оралған. Туыстарының айтуынша ол түнгі сағат 1-лер шамасында көз жұмған. Ал, қаралы хабарды әскерилер таңғы сағат 7 де бірақ айтқан. Марқұмды жуындырған ағасы оны көкала қойдай қылып ұрғанын, қолы мен аяғында жіптің іздері барын және бас сүйегі жарылғанын айтты. Алайда марқұмның іске қатысы барлар тек куәгер есебінде жүргенін айтты.

     

    «Дархан балам рота бақылап жүргенде спорттық киім киген үш сарбаз қолдарында жібі бар ұйымдасып шабуылдаған. Менің баламның қол аяғын байлап, қолғабын аузына тығып ұрып-соғып, қылқындырып, ешкім көрмеген спорт алаңына тастап кеткен», — дейді марқұмның әкесі.

     

    Алайда құқық қорғау органдарының ресми мәліметінде, Дархан Нұрланұлы оқу жаттығу кезінде қаза тапқан деп көрсетілген.

    Кейін істі анықтай келе Дархан Қастеев деген әскери анықтай келген. Марқұмның ата-анасы соттан басты айыпталушы мен кезекшілікте болған әскерилерді жауапқа тартуды сұрайды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →