Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде

    «Маскадағы адам» Құдайдан нан сұраған балаға пәтер сыйлады (ВИДЕО)

    «Маскадағы адам» Құдайдан нан сұраған балаға пәтер сыйлады (ВИДЕО)

    Қайырымды істерімен танымал «Маскадағы адам» есімді азамат Шымкенттік Сержан есімді жасөспірімнің отбасына пәтер сыйлап, әлеуметтік желі қолданушыларын тебірентті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Аш қалмасақ екен» – Сержанның жүрекжарды тілегі

    14 жастағы Сержан көру қабілетінен айырылған әкесімен, денсаулығы нашар анасымен және мүгедек әпкесімен бірге жалдамалы бір бөлмелі пәтерде тұрып келген.

    «Әкемнің көзі көрмейді, анам талып қала береді, әпкемнің ақыл-есі толық дамымаған. Мектептен бос уақытта жүк тасып, жұмыс істеймін. Нан таба алмай қалған сәт – өмірімдегі ең қиын кез», – дейді Сержан.

    Ол мешітте «Маскадағы адаммен» кездесіп, басты арманы – аш қалмау мен ата-анасының амандығын тілегенін айтқан.

    Қайырымды жан пәтер сыйлап, қарызын жапты

    Сержанның табандылығы мен өмірге деген құлшынысы қайырымды азаматтың жүрегін елжіретіп, ол отбасыға жаңа баспана алып беріп, бар қарызын жапты.

    Бұл оқиға Қазнет қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Пікір білдірушілер:

    • «Жүрегім езіліп кетті. Алла разы болсын»

    • «Сержан – кішкентай болса да, өмірге үлкен адамша қарап жүрген мықты бала»

    • «Осындай балалар аман болсын, болашағы жарқын болғай!» – деп алғыс жаудырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →