Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Шерзат ісі: Айыпталушы жалған айғақ бергенін мойындады

    Шерзат ісі: Айыпталушы жалған айғақ бергенін мойындады

    Талғар ауданында қаралы жағдайға себеп болған атышулы іс бойынша өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Азамат Тоқтаубаев бұрынғы берген жауабының жалған болғанын мәлімдеді. Бұл туралы сот отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарттық агенттігі.

    Сотта «Қамажай» дүкені алдындағы бейнебақылау жазбасы көрсетіліп, оқиғаның барысы қайта талданды. Прокурор Тоқтаубаевтан бұған дейін Дархан Әскентайға қатысты айтқан сөздерінің не себепті өзгергенін сұрады.

    Айыпталушының айтуынша, ол бұған дейінгі жауаптарында Әскентайға ашуланып, оған қатысты теріс пікір білдірген.
    «Дархан бұл іске мүлде қатысқан жоқ. Қолында қару болмаған, ешкімге шабуыл жасағанын да көрмедім. Өтірік айғақ беріп қойдым, енді өкінемін», – деді Тоқтаубаев.

    Сонымен қатар, ол оқиға орнында болған марқұм Шерзаттың достарын Дарханның таныстары деп шатастырғанын айтты.
    Сот процесі әлі де жалғасып жатыр. Бұл мәліметтер іс бойынша кінәлілердің кім екенін нақтылауға әсер етуі мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →