Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Асу Алмабаев Өзбекстандық файтермен жұдырықтасады

    Асу Алмабаев Өзбекстандық файтермен жұдырықтасады
    Фото: Naiza FC

    Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың жаттықтырушысы Эдуард Базров шәкірті мен Өзбекстан спортшысы Рамазан Темиров арасындағы алдағы кездесуге қатысты дайындығы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    Бұл жекпе-жек 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирі аясында ұйымдастырылады. Асу үшін бұл кездесу – наурыз айында Мане́л Капеде кеткен есесін қайтаруға берілген маңызды мүмкіндік.

    «Біз дайындық кезінде біраз өзгеріс енгіздік. Әрине, барлық тактикалық жоспарды ашып айтпаймыз. Бірақ Капе жекпе-жегіндегідей қателікке қайта жол бермейміз. Қарсыластың стиліне бейімделіп, ашық айқасқа бару — енді біздің тактикамыз емес. Бұл жолы өзіміздің мықты тұстарымызға сүйеніп, тиімді тәсілдерді қолданамыз», — деді Базров Naiza TV эфирінде.

    Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дегі бұл жекпе-жекте өз әлеуетін толық көрсетіп, жаңа жеңістерге жол ашуды көздеп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →