Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті

    Петропавлға саяхаттап келген аустралиялық адасып кеткен

    Петропавлға саяхаттап келген аустралиялық адасып кеткен

    Фото: СҚО ПД

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 46 жастағы аустриялық саяхатшы облыс орталығына келіп, адасып кеткен, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

    СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Аарон Арьяның шын мәнінде елге заңды негізде келгеніне көз жеткізді. Ол Астанаға Түркиядан ұшып келіп, Петропавлға жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктермен жеткен. Тәртіп сақшылары оны қонақүйге орналастырды.

    Аарон Арьяның әлемді аралап, елдерге саяхаттап жүргеніне бірнеше жыл болған. Оны ауылдық жердің тыныс-тіршілігі қызықтырады екен. Сол үшін қазіргі уақытта Орталық Азия елдерімен танысуды жоспарлап, жолға шыққан.

    Ол Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Полицияның көрсеткен көмегіне риза болған ол ертесіне қайтадан жолға шығып, сапарын жалғады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →