Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 466,9 531,2 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады

    Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары қаза тапты

    Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары қаза тапты

    Фото: instagram.com/policeofkaraganda

    53 жасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары — полиция полковнигі Құсаинов Бекжан Төлеуұлы кенеттен өмірден өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қарағанды облыстық полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасы хабарлағандай, Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады.

    Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастады.

    Қызмет баспалдағының барлық сатысынан өткен Бекжан Төлеуұлы әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп, кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті.

    «Ол әрқашан жоғары кәсіби біліктілігімен, өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін қасиетімен, принцпшілдігімен, адалдығымен және адамдарға деген құрметімен ерекшеленді. Полиция полковнигі қызметіне адал, антына берік, шыншыл және қайырымды нағыз офицер болды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орыны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →