Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті •

    Павлодар облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

    Павлодар облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

    ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    19 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында «Қалқаман-Керней» автожолының 250-ші шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері соқтығысқан.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі автомобильдердің бірі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

    — Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да, оның ішінде жас бала да сол жерде қаза болды. Әртүрлі жарақаттары бар тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.

    Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    — Павлодар облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — делінген хабарламада.

    Айта кетелік кеше Павлодар-Астана жолында балалар мінген автобус аударылып, жаттықтырушы көз жұмған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →