Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады •

    Қазақстанда қанша ҰОС ардагер қалды

    Қазақстанда қанша ҰОС ардагер қалды

     

    Қазақстанда бүгінде барлығы 83 мыңнан астам ардагер тұрады, олардың тек 111-і ғана – Ұлы Отан соғысының тікелей қатысушылары. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

    Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ардагерлердің қалған бөлігі келесі санаттарға жатады:
    • ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер – 16 796 адам;
    • Басқа мемлекеттердегі әскери қимылдарға қатысқандар – 26 553 адам;
    • ҰОС жылдарында тылда еңбек еткендер – 39 588 адам.
    Ардагерлерге арналған төлемдер қандай?
    Министрліктің дерегінше, 2025 жылы осы санаттағы азаматтарға 4,3 млрд теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленген, ал жалпы осы мақсаттарға 17 млрд теңге бөлінген.
    2025 жылға белгіленген жәрдемақы мөлшері келесідей:
    1. ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (62 912 теңге)
    2. ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар:
    • Жарақат, контузия немесе ауру салдарынан мүгедек болғандар – 7,55 АЕК (29 687 теңге)
    • Жеңілдігі бар теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (24 339 теңге)
    3. Басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдарының ардагерлері:
    • Ауған соғысына қатысқандар – 6,19 АЕК (24 339 теңге)
    • Тәжік-Ауған шекарасы, Ирактағы бітімгершілік миссия, Таулы Қарабақтағы қақтығыстарға қатысқандар – 4,8 АЕК (18 874 теңге)
    4. Тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (8 376 теңге)
    ҰОС ардагерлеріне – 5 миллион теңге
    Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы төлем беру жоспарланып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →