Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды

    Қазақстанда ажырасқаннан кейін балалармен сөйлесудің жаңа ережелері бекітілді

    Қазақстанда ажырасқаннан кейін балалармен сөйлесудің жаңа ережелері бекітілді

    2025 жылғы 13 сәуірден бастап Қазақстанда ажырасқан немесе бөлек тұратын ата-аналар мен жақын туыстар арасындағы балалармен қарым-қатынас тәртібін реттейтін бірыңғай ережелер күшіне енді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады .

    Жаңа ережелердің мақсаты

    Бұған дейін мұндай дауларды қамқоршылық органдары шешетін, бірақ олардың тәсілдері өңірге байланысты әртүрлі болатын. Енді бүкіл ел бойынша бірыңғай тәртіп енгізіліп, балалардың құқықтарын қорғау және олардың жақындарымен байланысын сақтау көзделіп отыр.

    Қалай өтініш беруге болады?

    Егер ата-ана немесе басқа жақын туыс (әже, ата, аға, әпке) баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылғанын сезсе, баланың тұрғылықты жері бойынша қамқоршылық органына жүгінуі керек. Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

    • жеке куәліктің көшірмесі;
    • наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар;
    • соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
    • тұрғылықты жерін растайтын құжат. 

    Қарау мерзімі мен тәртібі

    Өтініштер 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Осы уақыт ішінде қамқоршылық органдарының мамандары тараптармен жеке әңгімелесулер жүргізіп, қажет болған жағдайда тұрмыс жағдайын тексереді. Егер бала 10 жастан асқан болса, оның пікірі міндетті түрде ескеріледі.

    Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, бұл — мемлекет деңгейінде алғаш рет осындай сезімтал мәселелерді қараудың бірыңғай тәртібі бекітілді. Бұл балалардың құқықтарын қорғауға және олардың жақындарымен байланысын сақтауға көмектеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →