Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады •

    «Синий кит» арнасын құрған ер адам 9 жылға сотталды

    «Синий кит» арнасын құрған ер адам 9 жылға сотталды

    Ресейде «Синий кит» тобының негізін қалаған Илья Погибловқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Үкімді Новосібір қаласындағы Ленин аудандық соты шығарды. «Синий кит» тобының авторы Илья Погиблов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

    Айыпталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда, «Кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға тарту», «Өзін-өзі өлтіруге итермелейтін әрекеттерді ұйымдастыру». Ер адам өз кінәсін толық мойындады.

    Сот отырысында анықталғандай, Погибловтың өзге адамдардың өліміне деген патологиялық қызығушылығы болған.

    Илья Погиблов 2023 жылы «Синий кит» атты ашық топ құрған. Ол арнасына жазылған кәмелетке толмаған балаларға түрлі тапсырмалар жіберіп, өз құрбандарын суицидке дейін жеткізуді мақсат еткен.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →