Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» •

    Өрттің беталысын дәл анықтайтын жасанды интеллект сынақтан өткізіліп жатыр

    Өрттің беталысын дәл анықтайтын жасанды интеллект сынақтан өткізіліп жатыр

    Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында өрттің беталысын дәл анықтайтын жүйе сынақтан өткізіліп жатқанын мәлім етті.

    Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

    — Өрттерді модельдеу тәсілі метеодеректер негізінде жел бағыты, еңіс және жанғыш материалдардың ылғалдылығын ескере отырып жүргізіледі. Осы арқылы өрттің таралу бағыты мен жылдамдығын анықтауға болады. Жақын арада сынақ аяқталған соң, құрал Tabigat ақпараттық жүйесіне енгізіледі, — деді ол.

    Сондай-ақ, ол Төтенше жағдайлар министрлігіне mchs.gharysh.kz геоақпараттық жүйесінен өрттің таралу ауқымын жедел бағалауға мүмкіндік беретін кескіндерді алу мүмкіндігі берілгенін айтты.

    — Суреттер отандық Жерді қашықтан зондтау аппараттары мен шетелдік серіктестердің ресурстары есебінен беріледі. 2025 жылдан бастап Қазақстан ғарыш және ірі апаттар жөніндегі халықаралық хартияға қосылды, бұл төтенше жағдайларда халықаралық серіктестерден суреттерді тегін алуға жол ашады, — деді Жаслан Мәдиев.

    Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында өрт сөндірушілер қамыс пен шөпті шарпыған тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →