Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы

    Өлімге итермелеу бабы: Ақтауда 50 жастағы ер адам көп қабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

    Өлімге итермелеу бабы: Ақтауда 50 жастағы ер адам көп қабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

    30-шағынаудандағы «Інжу» тұрғын үй кешенінде ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. Оқиғаға байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай 13 сәуірде болған. 1974 жылы туған азамат пәтердің терезесінен секіріп, төменде тұрған автокөлікке құлаған. Алдын ала нұсқа бойынша – суицид.

    Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    – Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді, – деп мәлімдеді ведомство.

    Егер өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе соған азғыру дәлелденсе, айыпты тұлға 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Сонымен қатар, суицидті насихаттау да қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →