Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Депрессияда жүрмін»: Жахан Отарғаливетің үшінші әйелі жазбасымен елді алаңдатып қойды Францияда аптап ыстыққа байланысты үш атом реакторының жұмысы тоқтатылды Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ауа райы ескертуі жасалды Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді «Депрессияда жүрмін»: Жахан Отарғаливетің үшінші әйелі жазбасымен елді алаңдатып қойды Францияда аптап ыстыққа байланысты үш атом реакторының жұмысы тоқтатылды Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ауа райы ескертуі жасалды Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді

Бейнеуден береке кетті: Маңғыстауда мектеп оқушылары бопсалауға ұшырап келеді

Бейнеуден береке кетті: Маңғыстауда мектеп оқушылары бопсалауға ұшырап келеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылының 24 отбасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Еркебұлан Ізкеновтің атына ашық хат жазды. Хатта ауылда жастардан құралған топ мектеп оқушыларынан жүйелі түрде ақша жинап, қорқытып-үркітіп жүргені айтылған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Ауыл тұрғындары мұндай теріс әрекеттер тоқтамаса, жақында 17 жастағы оқушының қаза табуына ұқсас қайғылы жағдайлар тағы қайталануы мүмкін екенін айтып, дабыл қағып отыр.

Lada.kz хабарлағандай, ашық хатта жазылғандай, бір топ жас мектеп оқушыларын қорқытып, ақша бопсалайды. Сонымен қатар, «үлкен сынып оқушылары» атынан оқушыларға жеке тапсырмаларын орындататын көрінеді. Қарсы шыққандар соққыға жығылып, қорқытылады.

Тұрғындардың айтуынша, осындай жағдайлар жасырылғандықтан қайғылы оқиға болған. Ашық хатқа қол қойған 24 отбасының барлығы бұл жағдай кез келген оқушының басына түсуі мүмкін деп қауіптенеді. Олар құқық қорғау органдарынан тиісті шара қолданып, ауылдағы жағдайды реттеуді талап етіп отыр.

«Балаларымыздың еш қорқынышсыз үйден шығып, мектепке баруына мүмкіндік жасалсын», – дейді олар.

Еске сала кетейік, 8 сәуір күні Ақжігіт ауылында 11-сынып оқушысы күмәнді жағдайда көз жұмған болатын. Марқұмның туыстары оның өліміне бөгде адамдардың қатысы болуы мүмкін деп санайды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстағанын хабарлады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →