Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» • Мейрамбек Беспаев 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» • Мейрамбек Беспаев 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті •

    Алматыда адамдар мінген аттракцион істемей қалды

    Алматыда адамдар мінген аттракцион істемей қалды
    Фото: istockphoto.com

    Алматыдағы ойын-сауық саябақтарының бірінде «Ромашка» деп аталатын Top skan аттракционы кенеттен тоқтап, ондаған адам биікте тұрып қалған, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

    Мәліметтерге сенсек, жағдай 13 сәуірде болған. Аттракцион айналып жатқан сәтте жұмысын тоқтатқан. Куәгерлердің айтуынша, адамдар бірнеше минут бойы биікте тұрып қалған.

    «Мир фантазий» саябағының әкімшілігі аттракцион қауіпсіздік датчигінің іске қосылуына байланысты тоқтағанын мәлімдеді.

    «15:08-де Top skan аттракционы тоқтады. 15:16-да барлық келуші эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ, шағымдар мен наразылықтар түскен жоқ. Жағдай саябақ инженерлерінің толық бақылауында болды», – деді саябақ әкімшісі Виктор Данилов.

    Әкімшіліктің айтуынша, сол күні датчик ауыстырылған.

    «Барлық аттракционды штаттағы инженерлер күн сайын саябақ ашылар алдында тексереді. Сонымен қатар ай сайын мемлекеттік бақылау органдары тарапынан да тексеріс жүргізіледі. Барлық бөлшек, тіпті, ұсақ жарықтар да жіті тексеріледі», – деді ол.

    Саябақ әкімшілігі аттракциондардың көбі қолданылып тұрғанына он жылдан асып кеткенін мойындады. Алайда оларды уақытылы және дұрыс күтіп ұстаған жағдайда пайдалану мерзімі шектеусіз екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →