Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Абай облысында полиция 13 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр

    Абай облысында полиция 13 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр

    Фото: Абай облысы ПД

    10 сәуірге қараған түні Маканчи ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Маканчи аудандық полиция бөліміне жасөспірімнің әкесі жүгініп, 2011 жылы туған, кәмелетке толмаған ұлы Қайсар Қайратұлы жоғалып кеткені туралы айтқан.

    Әкесінің айтуынша, 9 сәуір күні сағат 14:30 шамасында ұлы жасыл түсті электрлі самокатпен үйінен шығып, еркін күрес секциясына қатысу үшін спорт модульге бет алған. Сол уақыттан бері қайда жүргені белгісіз.

    Жасөспірімді іздестіру жұмыстары бірден басталды. Маканчи аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу топтары құрылды. Іздеу жұмыстарына мұғалімдер, ауыл тұрғындары мен әкімдік өкілдері де қатысып жатыр.

    — Егер Қайратұлы Қайсардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз, — делінген Абай облысы ПД хабарламасында.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →