Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Қазақстандағы автолизинг бағдарламасы: мәселелер мен перспективалар «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Қазақстандағы автолизинг бағдарламасы: мәселелер мен перспективалар

    Екібастұзда ірі көлемде пара алған Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды

    Екібастұзда ірі көлемде пара алған Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды

    Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы ірі көлемде пара алғаны үшін сотталып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Антикор мәліметінше, осы жылдың 31 наурызында Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығарды.

    Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

    «Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

    Сонымен қатар, Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды.

    Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», — делінген Антикор хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →