Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады •

    «Ұятсыз өмір сүруді үйретіңіз»: Сабина Алтынбекова зорлық-зомбылық көргенін айтып, ойымен бөлісті

    «Ұятсыз өмір сүруді үйретіңіз»: Сабина Алтынбекова зорлық-зомбылық көргенін айтып, ойымен бөлісті

    Спортшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде зорлық-зомбылыққа қатысты жазба жариялады. Волейболшы қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес берді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Қыздарыңызға «жоқ» деп айтуды үйретіңіз. Қажет болса, қыздарыңыз дауыс көтере де білсін. Қыздарыңызға әділетсіздікке қарсы тұруды үйретіңіз. Қауіпсіздікті сыпайылықтан жоғары қоюды үйретіңіз. «Көмектесіңіз» деудің орнына «өрт» деп айқайлауды үйретіңіз. Қыздарыңызға өз денесінде өзін жайлы сезінуді үйретіңіз. Ұятсыз өмір сүруді үйретіңіз. Соққыны бірінші болып жасауды үйретіңіз. Жауап ретінде тістеп алуды үйретіңіз. Лайық қарым-қатынас көрсетілмесе, әлемді күлге айналдыруды үйретіңіз», — деді спортшы қыз.

    Алтынбекова бұған дейін өзінің ажырасып кеткенін айтқан еді. Оның басты себебі енді белгілі болғандай.

    «Қыздарыңызға өзіне қиянат жасағандарды әшкерелеуді үйретіңіз. Өте байсалды, сөйте тұра қауіпті болуды үйретіңіз. Өзіне сенімді болуды үйретіңіз. Не қалайтынын түсінуді үйретіңіз. Қыздарыңызға өз көзқарасын қорғауды үйретіңіз. Батыл болуды үйретіңіз. Ержүрек болуды үйретіңіз. Қыздарыңызға жақсылыққа сенуді үйретіңіз. Сонан соң олар осыған лайық екенін айтыңыз. Қыз баланың тағдыры ауыртпалықпен астарлас болуы міндет емес», – деп жазды волейболшы.

    Спортшы жақында күйеуімен ажырасқанын жария етіп қана қоймай, шаршағанын, демалғысы келетін айтқан еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →