Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Петропавлда жалаңаш субұрқаққа түскен ер адам 15 тәулікке қамалды Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда СҚО-да 13 жастағы қызға зорлық көрсетілген Жаңа Конституцияға қатысты құжаттар Президент архивіне тапсырылды Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы Алматыға қайтадан шұғыл қонды Қырғызстан өнімдерінен зиянкестер табылды: 2 тоннадан астам алхоры мен шие кері қайтарылды Петропавлда жалаңаш субұрқаққа түскен ер адам 15 тәулікке қамалды Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда СҚО-да 13 жастағы қызға зорлық көрсетілген Жаңа Конституцияға қатысты құжаттар Президент архивіне тапсырылды Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы Алматыға қайтадан шұғыл қонды Қырғызстан өнімдерінен зиянкестер табылды: 2 тоннадан астам алхоры мен шие кері қайтарылды

Түркияда наразылықтар кезінде 1900 адам қамауға алынды

Түркияда наразылықтар кезінде 1900 адам қамауға алынды

Фото: Murad Sezer/REUTERS

Түркияда өткен бір апта бойы жалғасқан наразылық шеруінде 1879 адам қамауға алынды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Елдегі басты оппозициялық партияның жетекшісі наразылықтар кезектен тыс президенттік сайлау өткенге дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған бұл әрекеттерді арандату ретінде бағалап, ел ішінде дүрбелең туғызғандардың заң алдында жауап беретінін ескертіп өтті.

Қамауға алынғандардың басым бөлігі полицияға қарсы күш көрсеткендер. Қазіргі уақытта 662 адамның ісі сотта қаралуда, 260 адам процесс аяқталуын күтіп отыр, ал 489 адам босатылған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наразылықтар кезінде 150 тәртіп сақшысы жарақат алды.

Түркияда жаппай митинг өткізуге салынған тыйым 1 сәуірге дейін ұзартылды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика