Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 450,5 522,6 5,37
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ғалымдар Тейлор Свифт құрметіне жаңа қандала туысын атады Петропавл маңындағы қоқыс полигонында өрт: 6 гектар аумақ жанып жатыр Көкшетауда зейнеткер 300 трамадол таблеткасын сатып алғаны үшін сотталды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Ғалымдар Тейлор Свифт құрметіне жаңа қандала туысын атады Петропавл маңындағы қоқыс полигонында өрт: 6 гектар аумақ жанып жатыр Көкшетауда зейнеткер 300 трамадол таблеткасын сатып алғаны үшін сотталды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады

    ҰҚК: Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақтың бір бөлігі табылды

    ҰҚК: Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақтың бір бөлігі табылды

    Жыл басынан бері ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    ҰҚК мәліметінше, бұл қарудың едәуір бөлігі «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген).

    Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді.

    «Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде. Яғни, ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады.

    Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген», – делінген ҰҚК хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →