Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты •

    5 жылдан кейін күйреуге жетеміз: Сарапшы салық реформасын жылдамдату керек деп санайды

    5 жылдан кейін күйреуге жетеміз: Сарапшы салық реформасын жылдамдату керек деп санайды
    Белгілі экономист Алмас Чукин Мәжілістің Салық кодексін талқылауға арналған жұмыс тобының отырысында салық реформасын кешіктіруге болмайтынын мәлім етті. Алмас Чукин салық кодексіне қазірден бастап өзгерістер жасамасақ, келер күннің қиын болатынын болжады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Яғни, бүгінгі күнмен өмір сүрмеу керек. Келер жылдардағы жағдайды тұрақтандырып, сенімді болашақ қалыптастыру үшін дұрыс шешім қабылдау қажет деген пікір айтты.

    «Жаңа кодексте ұсынылғандарға келсек, мен оны қолдаймын. Теңестіру керек дегенді баяғыдан айтып жүрмін. Өйткені 5 жылдан кейін бүкіл болжамдар бойынша күйреуге жетеміз. Әлеуметтік-қаржылық схемада толықтай тоқырау болады. Сондықтан қазірден бастап түзету керек. Тіпті қазір көріп отырған салық түсімін есептегеннің өзінде шығыс пен кірістің теңгерімін 10 трлн теңгеге дейін ажыратуға болмайды», — деді Алмас Чукин.

    Оның айтуынша, ұсынылып отырған жаңа кодексті әлі жетілдірмесе, реформа бюджет тапшылығы мәселесін шеше алмауы да мүмкін. Өйткені, шығын көбейіп, түсім азайып келеді.

    «Салықтан 3-4 трлн теңге ғана жинауды көздеп отыр. Мемлекеттік борыштың өсімі жалғасатын түрі бар. Бюджет тапшылығы да сақталады. Яғни, 10 трлн тапшылықтың 5-6 трлн теңгесі жабылмай қалайын деп тұр. Сонда қарыздарды жабу да жоспарда жоқ. Әзірге жалпы ішкі өнімді екі есе арттыру қолымыздан соншалық бір келіп жатқан жоқ. Ал қарыздарды үш жылдың ішінде екі есе арттыру қолымыздан келген. Әр үш жыл сайын мемлекет борышының көлемі 2 есе өсіп келеді», — деді сарапшы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →