Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты •

    75 млн теңге жымқырмақ болған: «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері сотталды

    75 млн теңге жымқырмақ болған: «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері сотталды

    Фото: Видеодан скрин

    «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Бұған дейін, 9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.

    Антикор мәліметінше, ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

    «Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

    Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.

    Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот залында сотталған адам қамауға алынды», — делінген Антикор хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →