Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Арғын Нығматулин Қазақстаннан тергеу басталғанға дейін кеткен — Антикор

    Арғын Нығматулин Қазақстаннан тергеу басталғанға дейін кеткен — Антикор

    Фото: «Сарыарқа» ХК

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев күдікке ілінген Арғын Нығматулинді іздеу жұмыстарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

    – Тергеу басталғанға дейін оның Қазақстанда болмағанын білеміз. Ол Қазақстанда жоқ. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Дархан Құрақбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

    Айта кетейік, 3 наурызда белгілі болғандай еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады.

    Кейін Прокуратура органдарының бастама жасауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған А. Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →