Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Төрт жыл ішінде діни радикалдар Қазақстанның аумағында 10 лаңкестік әрекет жасамақ болған – ҰҚК Қазақстандық суретші әлемдік киножұлдызға ерекше сыйлық берді «Халық партия бағдарламасына мән бере бастады»: Үнзила Шапақ саяси өзгерістер туралы айтты Қарағандыда «GazOil» жанармай орнына су құйып жатыр Қарашөкеев басқаратын өңірдегі Жайсаң-6 тұрғындары неге зарығып отыр? Америкалық UFC жұлдызы Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды Төрт жыл ішінде діни радикалдар Қазақстанның аумағында 10 лаңкестік әрекет жасамақ болған – ҰҚК Қазақстандық суретші әлемдік киножұлдызға ерекше сыйлық берді «Халық партия бағдарламасына мән бере бастады»: Үнзила Шапақ саяси өзгерістер туралы айтты Қарағандыда «GazOil» жанармай орнына су құйып жатыр Қарашөкеев басқаратын өңірдегі Жайсаң-6 тұрғындары неге зарығып отыр? Америкалық UFC жұлдызы Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды

«08:00-17:30 аралығы»: Тағы бір өңір жаңа жұмыс кестесіне көшті

«08:00-17:30 аралығы»: Тағы бір өңір жаңа жұмыс кестесіне көшті

Фото: immunocap.ru

Өскеменнің мекемелері де жаңа жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

20 наурыздан бастап облыс орталығында мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар үшін жаңа жұмыс кестесі енгізілді. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов қалалық әкімдікте өткен отырыста мәлімдеді.

Енді өскемендіктердің көпшілігі үшін жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Бұл өзгеріс Шығыс Қазақстан облысының басқа аудандарында тиімділігін көрсеткен.

Отырысқа қаланың мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар бұл бастаманы қолдап, жұмыс күні ерте басталуы уақытты тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретінін айтты, — деді ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі өкілі.

Еске салайық, былтыр 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне өтті. Алайда 7 маусымда уақытты қайта өзгертуге қатысты петиция басталып, 50 мыңнан аса қол жиналғанымен, ол қабылданбады.

2025 жылғы қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы жаңа жұмыс уақытына көшті.

Жуырда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ШҚО-ның барлық ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетілгенін, бұл тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапқанын мәлімдеді. Министр қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдана алатынын айтты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →