Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді •

    «5 сәуірге дейін тіркеп үлгеріңіздер»: ІІМ маңызды ескерту жасады

    «5 сәуірге дейін тіркеп үлгеріңіздер»: ІІМ маңызды ескерту жасады

    Ішкі істер министрлігі мопедтерді 5 сәуірге дейін тіркеу қажеттігі туралы ескертті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ведомство өкілдері мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалғанын мәлімдеді. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады. Мұндай құқықбұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабы 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

    – Қазіргі уақытта республика бойынша 8 527 мопед тіркелді. Оны тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет.

    Тіркеуді кейінге қалдырмаңыздар! Өзіңіз үшін «жағымсыз салдардан» аулақ болу үшін мопедті заң талаптарына сәйкес келтіргеніңіз абзал, – деді департамент бастығы,  ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →