Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді •

    Қуандық Бишімбаевты соттаған судья тағы бір жеңіске жетті

    Қуандық Бишімбаевты соттаған судья тағы бір жеңіске жетті

    Фото: astana.sud.kz

    Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Айжан Күлбаева Астанада өткен шахмат турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Демалыс күндері ҚР Судьялар одағының филиалы волейбол, теннис, шахмат және дойбы бойынша жарыстар ұйымдастырған болатын.

    – I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айжан Кұлбаева;

    II орын – Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрайымы Лейла Зинашева, – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

    Еске салайық, Айжан Кұлбаеваның есімі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қарау кезінде кеңінен танымал болды. Ол экс-шенеуніктің жұбайын өлтіру ісі бойынша судья болып тағайындалып, оған айыптау үкімін шығарды.

    2024 жылдың тамызында Айжан Кұлбаева отандық БАҚ-қа эксклюзивті сұхбат беріп, «Бишімбаев ісі» өмірін қалай өзгерткені туралы айтып берген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →