Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді •

    «Енді балаңыз оянбайды»: Алаяқтар балабақшадағы балалардың ата-аналарына үрейлі хабарламалар жіберген (ВИДЕО)

    «Енді балаңыз оянбайды»: Алаяқтар балабақшадағы балалардың ата-аналарына үрейлі хабарламалар жіберген (ВИДЕО)

    Алаяқтар қазақстандық балабақшалардың бірінің тәрбиешісінің аккаунтын бұзып, ата-аналарға қорқынышты хабарлама жібергені туралы оқиға әлеуметтік желіде тарады. 

    Бүлдіршіндердің бірінің анасы алаяқтар тәрбиешінің атынан белгісіз біреулер баласын терезеден итеріп жібергені туралы жазғанын айтты.

    Әлеуметтік желі қолданушысының айтуынша, ол алдымен тәрбиешіге баласын ертерек алып кету қажеттігін ескертіп, хабарлама жіберген. Бірақ күтпеген жауап алған. Баласының «енді ешқашан оянбайтынын, себебі басқа бір қыз оны терезеден итеріп жібергенін» жазған.

    Анасы қатты шошып, үрейге түскен. Алайда кейін тәрбиешінің аккаунтын бұзғаны анықталды. Посттың астындағы пікірлерде тәрбиешінің өзі бұл жағдайға байланысты полицияға арыз жазғаны айтылды.

    Кейбір қолданушылар бұл оқиғаны блогер әдейі ойлап тапқан деп сенбестік танытты. Бірақ көп ұзамай әйел тағы бір видео жариялап, жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, сол уақытта басқа ата-аналар да тәрбиешіге хабарлама жазған, және оларға да дәл осындай үрейлі жауаптар келген.

    Көптеген пікір қалдырушылар бұл оқиғадан қатты шошып, хайп үшін мұндай нәрсені ойлап табу мүмкін емес екенін айтты.

    Желі қолданушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. «Қызым «Анашым, қош бол, мектепте бомба» деп жазғанда, аспан айналып жерге түскендей күй кештім. Сол күні олар басқа мектепте өнер көрсетіп жатқан, мен ешкімге хабарласа алмадым, сұрайтын адам болмады, дүрбелең басталды. Балаларымыз жоғалып, қорқып кеттім. Кейін белгілі болғандай, біреу телефон шалып, әзілдеген екен, «Алла ешбір анаға сіз сезінген қорқынышты сезінуді жазбасын”, «Жасанды интеллектпен абай болыңыздар, мен нейрожелі туралы айтып тұрмын. Енді олар ата-аналардың даусын қолдан жасап, балаларды ұрлайтын болады! Балаларыңызбен тек сіздер ғана білетін құпия сөз ойлап табыңыздар (ана, әке және бала ғана білетін код сөз)”, – деп жазған олар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →