Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайраттағы» кадрлық өзгерістер: үш футболшының кетуі ықтимал • Қазақстанның жеті жылдағы өзгерістері: «Жаңа адамдар» ерекше бейнелер топтамасын таныстырды • Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған • OpenAI үш ірі ғылыми нәтиже жариялап, сыртқы сараптамаға ұсынды • Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • «Қайраттағы» кадрлық өзгерістер: үш футболшының кетуі ықтимал • Қазақстанның жеті жылдағы өзгерістері: «Жаңа адамдар» ерекше бейнелер топтамасын таныстырды • Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған • OpenAI үш ірі ғылыми нәтиже жариялап, сыртқы сараптамаға ұсынды • Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті •

    АҚШ-тың экс президентіне зорлау фактісі бойынша айып тағылды

    Дональд Трамп тағы да сот шақырылмақ. Нью-Йоркте экс-президенттің үстінен түскен шағымға байланысты сот азаматтық істі қарайтын болады, оның аясында Трамқа зорлау фактісі бойынша айып тағылуда, деп хабарлайды Qazaq.today  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    Іс журналист Джин Кэрролдың шағымы бойынша қаралмақ. Оның айтуынша, бұрынғы президент оны 1990 жылдары дүкеннің киім ауыстыратын бөлмесінде зорлаған.

    Оның айтуынша, олар Трамп екеуі Манхэттендегі Bergdorf Goodman дүкенінде кездейсоқ жолығып қалған. Таныстықтан кейін екеуі дүкен аралап, киімдерді киіп көрген. Жәбірленушінің сөзінше, дәл сондай сәттердің бірінде Трамп оны киім ауыстыру бөлмесінде зорлаған.

    Кэрролл алғаш рет өзінің айыптары туралы 2019 жылы жариялады. Трамп зорлау фактісін жоққа шығарып және ол ұзақ уақыт бойы Elle журналының шолушысы болған Кэрролды танымайтынын айтты.

    Дональд Трамптың пайымынша, Кэррол өзінің кітабының сатылымын арттыру үшін зорлау туралы мәлімдеме жасап отыр.

    Бұрынғы президент Кэрроллды «психикалық ауруы бар» деп айыптады және өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

    Азаматтық істің аясында, егер сот оны кінәлі деп тапса да, ол түрмеге қамалмайды. Алайда мұның бәрі оған саяси зиян келтіруі мүмкін.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →