Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады •

    Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты

    Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты
    Фото: Shutterstock

    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұлда қазақстандық азамат қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    “Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста болып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр”, — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

    Оның айтуынша, бұл мәселе министрліктің бақылауында.

    Бұған дейін түркиялық БАҚ Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық азамат қаза тапқанын хабарлаған еді. Қайғылы оқиға 25 қазанда таңертең болған. Алдын ала мәлімет бойынша қыз алтыншы қабаттағы пәтердің балконына шығып, одан көрші ғимараттың шатырына өткен. Кейін шатырдың ортасына қарай бет алған.

    Болжам бойынша ол бос кеңістіктің үстіне орнатылған жабынды басқан. Алайда құрылым көтере алмай, қыз құлап кеткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →