Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Атыраудағы қараусыз қалған ұңғыма халықты қашанға дейін үрейде ұстайды? • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Атыраудағы қараусыз қалған ұңғыма халықты қашанға дейін үрейде ұстайды? •

    Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады

    Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады

    Астанада Оңтүстік Кореяның NUMORI тобы мен Қазақстанның Saz&Soul вокалды-аспаптық ұжымының бірлескен концерті өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Кеште екі елдің дәстүрлі музыкасы заманауи сарында тыңдарманға ұсынылды. NUMORI тобы корейдің дәстүрлі музыкасын K-pop, K-rock, электронды музыка және блюз-рок элементтерімен ұштастырған шығармаларды орындады.

    Ал Saz&Soul ұжымы ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ән шырқады. Бағдарлама «Керім-ау, айдай», «Дудар-ай», «Сырғалым», «Сүгірдің термесі», «Махаббат – мәңгі ертегі» әндерін, «Ақжелең», «Сарыжайлау», «Жем суының тасқыны» күйлерін және NUMORI репертуарындағы шығармаларды қамтыды. «Ариран» корей халық әні домбыраның сүйемелдеуімен шырқалды.

    Оңтүстік Кореяның өнерпаздары қазақтың «Назқоңыр» халық әнін де орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Концерт Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты дамыту және ұлттық музыкалық мұраны дәріптеу бағытындағы жұмысы аясында өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →