Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Пара алған кірістер департаментінің басшылары сотталды

    Пара алған кірістер департаментінің басшылары сотталды

    Қарағанды облысында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары сотталды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz -ке сілтеп.

    Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында жемқорлық үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М.Ақбиев, Б.Мұқашев, сондай-ақ, сыртқы экономикалық қызмет субъектілері А.Балацкая, Х.Бекишев, Н.Бекшин және И.Андриенко сотталды.

    Лауазымды тұлғалар кедендік бақылау саласында жол берілген заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Ақбиев пен Мұқашевқа 21,7 млн теңге және 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

    Осы үкіммен пара берушілер А.Балацкая, Х.Бекишев, Н.Бекшин және И.Андриенкоға 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі айыппұлдар түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.

    Сот актісі заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →