Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді

    СҚО тұрғыны ауылдасына күн бермей келген

    СҚО тұрғыны ауылдасына күн бермей келген

    Ол өзінің бұрынғы бірге тұрған әйелімен араласқан ауылдасын үнемі ұрып келген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қызылжар ауданының бұрын сотталған 41 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Ол өзінің бұрынғы бірге тұрған әйелімен араласқан ауылдасына бірнеше рет дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінді. Сот күдіктіні уақытша ұстау изоляторына орналастыруға рұқсат берді. Осылайша, полицейлер жанжалдың жалғасуының алдын алды.

    Жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалмас үшін әрбір жағдай жеке-жеке қаралады. Өткен жылы заңнамалық өзгерістер күшіне енген сәттен бастап СҚО-да 6 адам отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне байланысты қамауға алынды.

    2024 жылы облыста ұрып-соғу, жеңіл дене жарақатын келтіру фактілері бойынша барлығы 437 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл құқық бұзушылықтардың құрамы әкімшілік заңнамадан ҚР-ның Қылмыстық кодексіне көшірілді. Жалпы, қылмыс санының ішіндегі 172 факті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты болды. 2025 жылдың басынан бастап осы баптар бойынша 40-тан астам қылмыстық іс тіркелді, оның ішіндегі 19-ы – отбасы және тұрмыс саласындағы істер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →