Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды •

    Заңсыз табыс 77 млн теңге: Маңғыстау облысында құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері сотталды

    Заңсыз табыс 77 млн теңге: Маңғыстау облысында құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері сотталды

    Маңғыстау облысында құмар ойындары бизнесі бойынша екі автокөлік тәркіленді. ҚМА Маңғыстау облысының Департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, Ал топ басшылары ұзақ жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today.

                                                 Көлеңкелі бизнестен түскен табыс 

    Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан. Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты.

    Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» сатып алғаны анықталды.

                                                  Сот үкімі

    Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

    Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →