Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды •

    Аспандағы алпарыс: Астана – Ақтау бағытындағы FlyAryatan ұшағынан өрт шықты

    Аспандағы алпарыс: Астана – Ақтау бағытындағы FlyAryatan ұшағынан өрт шықты

    Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшқан FlyAryatan әуекомпаниясының ұшағы жолаушының рюкзагының өртенуіне байланысты ұшу портына қайта оралған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 23 ақпанда болған.

    «Астана – Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде ұшақтың жоғарғы багаж бөлігінде жолаушының рюкзагы өртенді. Өртті авиакомпанияның борт серіктері тез сөндірді. Бортта 182 жолаушы болған. Ұшақ ұшу пунктіне оралды. Қону штаттық режимде орындалды. Жағдай туралы қосымша ақпарат барлық жағдайлар анықталғаннан кейін беріледі», – делінген хабарламада.

    Кейін бұл рейс сағат 17.10-ға ауыстырылды.

    “Барлық жолаушылар тегін қайта брондауға немесе ақшаны қайтаруға құқылы”, – деп мәлімдеді компания.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →