Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды •

    Қош, қазақ әдебиетінің қара нары: Алматы жұрты Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды

    Қош, қазақ әдебиетінің қара нары: Алматы жұрты Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды

    83 жасына қараған шағында қайтыс болған жазушымен қоштасу рәсімі Жазушылар Одағында өтті. Қаралы жиынды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізді. Сөз алған Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.

    «Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді. Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!», – делінген көңіл айту хатында.

    Жазушының туыстарына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың, облыс әкімдерінің көңіл айту хаттары табыс етілді.

    Марқұмның құрдастары, қазақтың қабырғалы қаламгерлері Төлен Әбдік, Бексұлтан Нұржекеев, Алаштың абызы Асанәлі Әшімов бастаған азаматтар қимас естеліктерін айтты.

     

    Қаралы жиынан кейін жаназа намазы оқылып, халық аты шыққан абыз жазушыны Кеңсайға жерледі.

    Ақпарат көзі: qaz365.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →