Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды •

    «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің пышақталған денесі өртенген пәтерден табылды

    Шахтинскіде өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының адвокаты Ирина Эмнің пышақ жарақаты бар мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

    Патриот телеграм-арнасының жазуынша, мәйіт түскі уақытта пәтердегі өртті сөндіру кезінде табылған. Бұл ақпаратты Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті растады.

    «Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде, жалпы алаңы алты шаршы метрдегі жиһаздары мен тұрмыстық заттар жанған. Өрт орнынан 1969 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері подъездегі пәтерлерден тоғыз адамды эвакуациялады. Өрт сағат 13:25-те оқшауланып, 13:31-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі.

    «АрселорМиттал Теміртау» адвокатының өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалды.

    «Қазіргі уақытта оқиғаға кінәлі тұлға мен мән-жайды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ПД өкілдері.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →