Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жаумақ

    Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жаумақ

    «Қазгидромет» синоптиктері 21 ақпан, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, батысында және солтүстік-батысында қар жауады, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

    Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, тек шығыста, Қазақстанның орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

    Республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, батыста, оңтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, жел күшейеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →