Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    19-20 тамызда ауа райы: жаңбыр, найзағай және ыстық Сексологқа бару – ұят па? Маманның көмегі қашан қажет Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған 19-20 тамызда ауа райы: жаңбыр, найзағай және ыстық Сексологқа бару – ұят па? Маманның көмегі қашан қажет Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған

    Қазақстанда ауқымды операция: Asar Baspana қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды

    Қазақстанда ауқымды операция: Asar Baspana қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды

    Қазақстан бойынша жүргізілген ауқымды операция нәтижесінде Asar Baspana қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Qazaq.today ақпаратына сүйенсек, операция 8-10 ақпан аралығында Бас прокуратураның үйлестіруімен елдің барлық аймағында өткен.

    Asar Baspana ұйымдастырушылары өздерін тұтынушылар кооперативі ретінде таныстырып, салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік және тұрмыстық өнімдер (БАД, ас үй ыдыстары, косметика және басқа тауарлар) сатып алуға инвестиция салуға шақырған. Олар салымшыларға ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен. Алайда, бұл әрекет заңсыз қаржы пирамидасы ретінде анықталды.
    Операция нәтижелері

    Тінту барысында компания кеңселері мен күдіктілердің тұрғылықты жерлерінен 1,2 миллиард теңгеден астам қолма-қол ақша және премиум санаттағы 13 автокөлік тәркіленді. Қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы қамауға алынып, сот шешімімен 2 ай мерзімге қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, қосымша ақпарат жария етілмейді.

    Еске салсақ…
    Бұған дейін АФМ Астанада LIVEGOOD қаржы пирамидасынан түскен қаражатты жылыстату схемасын әшкерелеген болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, 2023-2025 жылдар аралығында күдікті БАД сатуға негізделген желілік маркетинг түрінде жасырылған пирамиданың құрылымдық бөлімшесін басқарған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →