Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанадан Павлодарға шыққан бір отбасының адамдары жоғалып кетті

    Астанадан Павлодарға шыққан бір отбасының адамдары жоғалып кетті

    Астана қаласынан Павлодарға бағыт алған үш адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Павлодардағы Vitaіздеу ұйымының Instagram желісіндегі мәліметіне сәйкес, 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова, оның 44 жастағы ұлы Бауыржан Смағұл және 39 жастағы қызы Әлия Мұхамеджанова 2025 жылғы 10 ақпанда жолға шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.

    Жоғалған азаматтардың сыртқы келбеті мен киімі:

    Бейбіткүл Мұхамеджанова: ұзын қара түсті ішік, қара велюр шалбар, қара етік. Қасында қою жасыл түсті сөмкесі болған.
    Бауыржан Смағұл: қара түсті куртка (норка жағалы), қара джинсы, қара бас киім және қара аяқ киім.
    Әлия Мұхамеджанова: тізеден төмен түсетін сұр ішік, қара шалбар, ақ бас киім және қара етік.

    Осы азаматтар жайлы қандай да бір ақпарат білетіндер төмендегі нөмірлерге хабарласуы сұралады:

    Катерина: +7 747 615 55 63
    Светлана: +7 777 334 82 01
    Полиция (102).

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →